Бақыт Мәдімкызы

Дерт


Скачать книгу

кезінде зачет кітапшаларының арасына екі мың, бес мыңды салып тиісті бағаларын алып, курстан курсқа өтіп отырады. Өкінішке орай мұндай жағдайлар кездесіп тұрады. Осының нәтижесінде мынындай ой туады, – мұндай оқушылардан қандай маман шығады? Және, пұл-ақылы оқу мұғалімді де, дәрігерді де өздерінің тікелей міндеттерінен айырды ма деп қорқамын. Келешекте бұл жағдайдың бәрі өз арнасына түседі деп үміттенемін.

      Қымбатты оқырманым, ғафу өтінемін, ойым бөлініп кеткен тәрізді. Сонымен, Бақыт тәте өзін соншалықты жақсы сезінбесе де Музыкалық колледжде дәріс беріп жүре берді. Оқу жылының басына қарай мектеп мұғалімдері медициналық сараптамадан өтеді. Ал тәтеміз №3 мектеп интернатта да музыкадан дәріс беретін еді. Бұл мектепте қазақтың дарынды балалары үшін музыка бөлімі мен бейнелеу бөлімі ашылған. Музыка бөлімінде фортепиано, домбыра, қобыз, бас қобыз, прима, сырнай класстары жұмыс істейді. Бақыт тәте мұнда теориялық пәндерінен дәріс береді. Осы қазақ мектебіне ең алғаш келгенінде ол кісі балаларға былай деген еді:

      – Балалар, мен орыс мектебін бітіріп, училищеде де, институтта да орыс тілінде оқыдым.

      Кейін жұмыс істегенде де орыс ұжымында қызмет атқардым. Сондықтан, дәріс беріп тұрып бір жерлерінде қателік жіберетін болсам сендер күлмеңдер, керісінше, мені түзетіп отырыңдар.

      Оқушы балалар апайларының бұл ұсынысын түсіністікпен, үндемей қабылдады.

      Сонымен, сараптаманы тапсырғаннан кейін дәрігер бұл кісіге «сіз тубдиспансерге барып рентгенге түсуіңіз керек, өйткені мына флюрографияңыз түсініксіздеу болып тұр» дейді. Жарайды деп, Бақыт тәте тубдиспансерден медициналық тексерістен өтеді.

      – Сізге суық тиіп, тымауратып ауырдыңыз ба? – деп дәрігер әйел сұрады.

      – Ия, ауырдым. 94 жылдан бастап орман шаруашылығының орталық қазаны тұрғын үйлерге жылу беруді қойды. Ал біз сол шаруашылықтың үйінде тұрамыз. Үйге біресе Құрмет қайным келіп, біресе Сәбит інім келіп пеш салып, он тоннадан көмір жақсақ та үйіміз бір жылынбады. Сонымен, екі қысты тастай суық үйде өткіздік. Содан денсаулығыма зиян тиген шығар, – деп, Бақыт тәте дәрігерге жағдайын айтты.

      – Қазір де сол үйде тұрасыздар ма? – дәрігер ол кісіге таңырқана қарады.

      – Жоқ, Аймен әпкемнің ұлы Серіктің көмегімен қаланың орталығынан үш бөлмелі пәтер алдық. Ал өз үйімізді інім Нұрғазыға сыйға тарттық.

      – Қазір қорқатын ештеме жоқ, бірақ ем қабылдау керек. Сізге дәрілердің тізімін жазып беремін, соларды қабылдап, кейін тексерілуге келесіз. Мына қабылдайтын дәрілер мықты антибиотиктер. Тез жазылып кетесіз, – деді дәрігер дәрілердің тізімі жазылған қағазды беріп

      отырып.

      – Сонда мен балалармен жұмыс істеуіме болмайды ғой? – деп, Бақыт тәтенің көздері бақырайып дәрігерге қарады.

      – Жоқ, қорқпаңыз. Егер емделмесеңіз, дертіңіз асқынып кетуі мумкін. Сіз дер кезінде келдіңіз. Ересек балалармен жұмысыңызды жалғастыра беріңіз, еш уайымдамаңыз,