Бақыт Мәдімкызы

Дерт


Скачать книгу

тақырыптарды орыс тілінен қазақ тіліне аударып, қарапайым жатық тілде оқушыларға түсіндіру қажет.

      Сонымен, уақыт өтіп жатты, Бақыт тәтенің денсаулығы түзелер емес. Ел ішінде мынандай сөз бар «еврей халқы – аурамын-ау – деп дәрігерге барады екен, орыс халқы, жөтеліп қалса дәрігерге қаралады екен, ал біз, яғни қазақ халқы ұшып-жығылғанда ғана өліп-талып дәрігердің алдына барады екенбіз». Бұл әрине, бекер айтылмаған. Келе-келе Бақыт тәтеміз дәріс беріп отырып орнынан әзер тұратын жағдайға жетті. Бұл кезең 1997 жылдың

      күз мерзімінің соңғы айы еді. Оқушы балаларға қарап, апайларына деген аяушылық сезімін көздерінен байқағандай болады. Оқушыларын орта жолда тастап кеткісі келмесе де, амал жоқ. «Қой, осылай жүргенім болмас, қалалық емханадағы учаскелік дәрігерге барып қаралмасам болмас,» деп бір шешімге келеді де «Халық аспаптар бөлімінің» меңгерушісін хабардар етіп қояды.

      Қалалық емханаға барып қан мен несептің жалпы сараптамасын жасатады да учаскелік дәрігеріне келеді.

      – Мына сараптамадан сіздің жағдайыңызды сонша түсініп тұрғаным жоқ. Тағы сараптама тапсырыңыз, – дейді дәрігер.

      Осылайша, дәрігер Бақыт тәтені сараптама тапсыруға бірнеше рет жібереді, бірақ айтарлықтай ештеме айта алмайды. Бұл кісінің денесінде, бет әлпетінде қызылала дақтар пайда болып, қол-аяғы ісіне бастайды. Жүргенде де, бір түрлі теңселіп жүргендей болып көрінеді. Дәрігеріне тағы бір келгенінде:

      – Неғып теңселіп келе жатырсыз? – деп, аяқтарын әзер басып келе жатқан науқасқа күмәндана қарайды.

      – Неге олай дейсіз? Мені мас деп тұрсыз ба? Мен мүлдем ішімдік ішпеймін, – деп Бақыт тәте дәрігерге қарап, ашу шақырғандай сыңай танытады.

      – Жоқ, көңіліңізге алмаңыз. Қазір халіңіз қалай? – деп дәрігер өзінің байқамай айтып қалғанын жуып-шайғандай болды.

      – Бүгін кешегіден жақсымын, рахмет, – деді тәте, жағдайы күннен күнге нашарлай бастаса да.

      Сонымен, келесі жылдың көктемі де келді. Ол кезде дәрігерлер өзінің науқасын басқа дәрігерлерге жібермейтін және де басқа дәрігерлер де «өз дәрігеріңізге қаралыңыз» деп, басқа учаскенің науқасын қарамайтын еді.

      Бірде үйге Алма деген құдашалары келді. Ол кісі Бақыт тәтенің Аймен әпкесінің абысыны. Алма тәте кезінде Құрманғазы атындағы консерваторияны бітіріп Тараз (бұрынғы Жамбыл қаласы) қаласындағы драма театрын басқарған. Кейін жолдасының жұмысы Талдықорғанға ауысқаннан кейін, осы қаладағы Н. Тлендиев атындағы балалар музыка мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Қалада музыкалық училище ашылғанда ол кісіні осы оқу орнына директор етіп жіберді. Ал Алма тәтенің жолдасы Берік аға қалалық Ішкі істер министрлігінің бастығы болып қызмет атқарды. Бұл кісілердің қалада беделдері өте жоғары және өте сыйлы адамдар болды, сонымен бірге бұл кісілер өте әдемі жұп болды. Осы екі кісіге кез келген адам сүйсіне қарайды. Берік аға мен Алма тәтенің бір ұл, бір қызы бар және осы балаларынан